2026 жылғы қазанда Қазақстандағы айлық инфляция 0,5% болды. Бұл қыркүйек айындағы көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен. Ал жылдық инфляция 9,2%-ды құрады. 2026 жылғы қыркүйекте 9,3% болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазан айында азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады. Атап айтқанда, жүзімнің бағасы 10%, басты пияз 9,8%, құмшекер 9%, түсті қырыққабат 9%, алма 6,2%, брокколи 4,6%, алмұрт 3,5% төмендеді. Сондай-ақ жасымық 2-3 %, бидай жармасы 2,1% мен қой етінің бағасы да 1,4%- ға арзандаған. Сондай-ақ қантты печенье мен балдың бағасы 0,6%, тәтті тоқаштың бағасы 0,3%, күнбағыс майы мен шоколад пастасының бағасы 0,1% төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында блендер 6,7%, модемдер мен роутерлер 4,2%, қысқа толқынды пеш 2,4% арзандады. Жабыспайтын жабыны бар таба(0,5%) , балалар сабыны (0,4%), тіс пастасы (0,3%) мен қоқыс шелегінің (0,1%) бағасы да сәл төмендеген.
Жылдық инфляция құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар 10,4%, ақылы қызметтер 10,3%, азық-түлік тауарлары 7,6% қымбаттаған.
Сонымен қатар бірқатар азық-түлік өнімі бір жылда арзандады. Мәселен, қиярдың бағасы 34,4%, банан 12,4%, лимон 11,1%, сарымсақ 10,2% төмендеген. Сонымен қоса, жүзім (1,9%), киви мен тәтті бұрыш (0,9%), басты пияз (0,4%) арзандады.
2025 жылғы қазанмен салыстырғанда отандық құрастырылған жеңіл автомобильдердің бағасы 17,3%, электр бұрғылар мен бұрауыштар 10,5%, электр еттартқыштар 3,9%, модемдер мен роутерлердің бағасы 2,1%, балғалардың бағасы 0,1% арзандаған.