Қазақстанда ішкі нарықты көмір және жол битумымен қамту толық көлемде іске асырылуда

913

Қазақстанда ішкі нарықты көмір және жол битумымен қамту толық көлемде іске асырылуда

ҚР Үкіметінің отырысында ішкі нарықтың мұнай химия өнімдерімен қамтылуы және энергетика салалары бойынша ағымдағы жағдай қарастырылды, деп хабарлады pm.kz.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев жедел мәліметтер бойынша газ өндірісі  41,9 млрд текше м құрағанын баяндады. 2,4 млн. тонна сұйылтылған газ өндірілген.

Бұдан бөлек, биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша 475 мың тонна жол битумы өндірілген. Ішкі нарықтың отандық битуммен қамтылуы толық көлемде жүзеге асырылуда.

Жедел мәліметтерге сүйенсек, электр энергиясын өндіру көлемі 84,5 млрд кВт/с, ал көмір өндіру 89,1 млн тоннаны құрады.

Электр энергетикасын тұтынушылардың көмір өнімдерімен қамтылуы (металлургия, өнеркәсіптік кәсіпорындар, тұрғындар, коммуналдық-тұрмыстық сектор) 100% орындалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу