Қазақстанда іздеуде жүрген күдіктіден 2,3 млрд қаржы тәркіленді

258

Елімізде активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.  

Қазақстанда іздеуде жүрген күдіктіден 2,3 млрд қаржы тәркіленді Фото: canva

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 2022 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктінің қылмыстық жолмен тапқан қаржысы мен жылжымайтын мүлік активтерін анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ол жылжымалы және жылжымайтын мүліктің қымбат объектілерін, оның ішінде жұбайына ресімделген объектілерді сатып алу үшін шамамен 1,5 млрд теңге заңсыз ақшаны пайдаланды. Олардың қатарына люкс автомобиль, пәтер, жер учаскелері, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұрғын үйлер мен құрылыстар бар. Тергеу қосымша 1,7 млн АҚШ долларын  (872 млн теңгеден астам.) және Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінде күдікті мен оның жұбайының шоттарында 47 млн теңге барын анықтаған. Олар қаржы қылмыс жасау кезеңінде алынған және олардың ресми кірістеріне сәйкес келмейді, – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Осы жылдың 16 маусымында сот қаулысымен ақшалай қаражат пен мүліктік объектілер мемлекет кірісіне тәркіленді.

Жалпы жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша 30-ға жуық қылмыстық істі тергеуді бастады. Істің бір бөлігі сотқа жіберіліп, айыптау үкімі шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу