Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім бергендер саны 3 есе артты

121

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.    

Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім бергендер саны 3 есе артты Фото: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Былтыр елімізде 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл көрсеткіш соңғы жылдары елдегі донорлық мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Ведомство мұндай шешім трансплантацияны күтіп отырған бірнеше науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін айтады.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы 3 жылда қайтыс болғаннан кейін донор болуға саналы түрде келісім берген азаматтардың саны айтарлықтай артқан.

Атап айтқанда:

  • 2023 жылы – 4 991 адам
  • 2024 жылы – 7 242 адам
  • 2025 жылы – 12 671 адам

ДСМ мәліметінше, бұл деректер қазақстандықтардың донорлық мәселесіне барған сайын жауапкершілікпен қарай бастағанын көрсетеді. Яғни көптеген азаматтар өмірінде алдын ала осындай маңызды шешім қабылдап, өзге адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін таңдау жасап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу