2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстанда қандай ұшқышсыз ұшатын аппараттар жасалып жатыр

837

Елімізде пилотсыз аппараттар (дрондар) жасап шығару жобасы қолға алынды.

Қазақстанда қандай ұшқышсыз ұшатын аппараттар жасалып жатыр Фото: dknews.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан инжиниринг "Research & Development орталығы" ЖШС экономикалық қызметтің түрлі салаларының қажеттіліктері үшін отандық пилотсыз авиациялық кешендер өндіру жобасын қолға алды. Онда заманауи пилотсыз кешендер жасалуда", – деп хабарлады министрлік.

Аталған дрондар төтенше жағдайларды анықтау, мұнай және газ құбырлары өтетін аумақтардың жай-күйін бақылау, браконьерлікпен күресу және жануарларды есепке алу үшін қолданылады.

Одан бөлек, мемлекеттік шекараны бақылау, электр беру желілері мен ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйін мониторингтеу үшін де пайдаға асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу