Қазақстанда қанша адам спортпен шұғылданады?

620

Қазақстанда 38,5% немесе 7,6 млн адам жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысады.

Қазақстанда қанша адам спортпен шұғылданады? Фото: inbusiness.kz

Дене шынықтырумен айналысатын 7,6 миллион адамның жартысына жуығы, яғни 3,3 миллионы – мектепте дене шынықтыру сабағына қатысатын балалар, деп хабарлайды Inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Оқушыларды қоспағанда 4,3 миллион адам ғана дене шынықтырумен айналысады. Бұл тізімнен студенттер мен кәсіби спортшыларды алып тастасақ – бұл көрсеткіш тіптен азайып қалады. 

Өңірлер бойынша тұрғындардың 42,1%-ы фитнес-орталықтарға баратын ең спорттық қала – Шымкен қаласы. Рейтингте 41,9% көрсеткішпен Қостанай облысы екінші орында тұр. Үшінші орынды 40,2-бен  Солтүстік Қазақстан облысы иеленді.

Алдағы алты жылда қазақстандықтардың спортпен айналысуының жалпы көрсеткішін 50% дейін жетуі керек. ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жыл сайын бұқаралық спортқа қатысу деңгейі кемінде 2% өсетіні көрсетілген.

ҚР Мәдениет және спорт министлігінің мәліметінше, Қазақстанда барлығы 43,1 мың спорт нысаны бар. Былтыр оның саны 1,3% ғана өсті.  Ал жеке меншік спорт нысаны ның саны – 3,2 мыңға жуық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу