Қазақстанда қанша хостел бар?

378

Орналастыру орындарының ең көбі Алматыда 

Қазақстанда қанша хостел бар? Фото: Hotelier.pro

2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орналастыру орындарының саны 3 848 бірлікті құрады. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 92 бірлікке өскен. Оның 2215-і – қала аумағында, қалған 1633-і ауылдық жерлерде орналасқан, деп хабарлайды  Inbusiness.kz Ұлттық. Статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде (2022 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда):

Мейрамханасы бар қонақ үй – 751 (-48)

Мейрамханасыз қонақ үй – 1450 (+42)

Демалыс үйі – 96 (+9)

Демалыс пансионаты – 28 (0)

Балалар лагері – 110 (-1)

Туристік база – 52 (0)

Кемпинг – 38 (+4)

Хостелдер – 111 (+35)

Орналастыру орындарының ең көп саны дәстүрлі түрде Алматы қаласы – 337 және Жетісу облысында-334. Ең азы  Ұлытауда – 24 орын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу