2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы мәдениет орындары:
- 3 924 – қоғамдық кітапхана
 - 3 069 – мәдени-демалыс ұйымдары
 - 275 – мұражай
 - 230 – ойын-сауық және демалыс саябағы
 - 113 – кинотеатр
 - 74 – театр
 - 43 – концерт ұйымы
 - 11 – хайуанаттар бағы
 - 3 – цирк
 
2022 жылмен салыстырғанда келушілердің ең көп өсуі концерт ұйымдарында – 23,3%, киносеанстарға бару 23,2%, циркке бару 11,9%, театрға бару 10,2%, хайуанаттар бағына бару 3,9% өскен.
Киносеанстарға барушылар саны Республикалық маңызы бар қалаларда ең көп: Алматы – 7 111,6 мың бару, Астана – 4346,7 мың бару, Шымкент – 1721,4 мың бару. Мұражайларға барушылар саны Түркістан облысы (1285,8 мың адам) мен Астана қаласында (890,4 мың адам) ең көп болған.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу