Қазақстанда қанша театр сахнасы бар?

505

Алдағы жаңа жыл мерекесіне театрлар өздерінің мәдени бағдарламаларын дайындады. 

Қазақстанда қанша театр сахнасы бар? Фото: Inbusiness.kz

Қалаларда 73 театр жұмыс істейді, оның ішінде 39 – драма, 11 – қуыршақ, 7 – жас көрермен театры, 4 – музыкалық комедия, 4 – опера және балет, 8 – басқалары.

Мемлекетке 57 театр тиесілі. 16 Театр жеке меншікте, оның 14-ін жеке кәсіпкерлер жүргізеді.

Театрлар саны бойынша бірінші орынды дәстүрлі түрде Алматы алып отыр – 23 театр. Екінші орында Астана – 9, одан кейін Шымкент – 6 театр.

2022 жылы республика театрлары 15,3 мың іс-шара өткізді, оның 8,3 мыңы – балаларға арналған іс-шаралар.

Өткен жылы әртістердің ойынын тамашалауға 2,1 млн көрермен барды. Ал ең көп келушілер Алматы (726,4 мың адам), Астана (461,3 мың адам) және Қарағанды облысының (272,1 мың адам) театрларында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу