Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Құрылтайда өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі таңда еліміздің ветеринариялық станция базасында 13 мыңға жуық ветеринар еңбек етеді. Жыл сайын 1200-дей студентке гранттар беріліп отыр. Оның ішінде 1 мыңы министрліктің аясындағы аграрлық университеттерге тиесілі. Бос орындарды жабу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бос вакансиялар жәрмеңкесін тұрақты түрде ұйымдастырамыз. Негізгі мақсат – студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын жоғары деңгейлі мамандармен қамту", – деді вице-министр.
Айта кету керек, бұған дейін ветеринар мамандардың жалақысы артатынын жазғанбыз. Бүгінде сала мамандарының орташа жалақысы – шамамен 220 мың теңге. Енді бұл көрсеткішті 420 мың теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр.
Ветеринария саласында бірыңғай цифрлық жүйе енгізіледі.