banner

Қазақстанда қанша зейнеткер бар

1380

Жыл басынан бері 2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленген.  

Қазақстанда қанша зейнеткер бар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай ақпарат таратты. Мұнша қаражаттың 641,4 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, 1,4 трлн теңгесі ынтымақты зейнетақыға бағытталған. 

"Қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 209,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 65,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 144,8 млрд теңге босатылды", – деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі. 

1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны 2 млн 221 мың адам болған. Қаңтар айынан бері бюджеттен бөлінген 2 трлн теңгеден астам қаражатты осы санға шақсақ, әр зейнеткер орта есеппен 94 944 теңге зейнетақы алған болып шығар еді. 

Алайда  2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға жеке тағайындалады. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап ел тұрғындары өз еңбекақысынан зейнетақы шотына төлем аударуға міндеттелген. Осы кезге дейін жұмыс істеген еңбек өтілі мен 1998 жылдан бастап төленген жарналарды қосып есептеп, сол арқылы әркімнің қанша зейнетақы алатыны белгіленеді.

Мысалы, сіздің зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтіліңіз 10 жыл немесе одан аз болса, немесе мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы көлемінде тағайындалады. Ал міндетті зейнетақы жүйесінде жұмыс істеген өтіліңіз 10 жылдан көп болса, әр артық жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ын, 30 жыл – 94%-ын құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу