Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған бірыңғай жеке кабинет іске қосылды

452

Тиісті бірлескен бұйрықты Ұлттық экономика министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі әзірледі.  

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған бірыңғай жеке кабинет іске қосылды Фото: Depositphotos/AndreyPopov

Жоба арқылы бизнеске әр мемлекеттік қолдау операторының жеке сайтына кірмей-ақ, бір жүйе арқылы өтінім беруге мүмкіндік жасалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

""е-Минфин" кіші жүйесінің "Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" пилоттық жобасы іске қосылсын", – делінген құжатта.

Сонымен қатар пилоттық жобаны енгізу алгоритмі бекітілді. Ол пайдаланушылардың "е-Минфин" кіші жүйесіндегі "Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім беру тәртібін айқындайды.

Жүйе Бизнесті қолдаудың бірыңғай порталымен және "цифрлық үкімет" веб-порталымен интеграцияланады.

Алгоритмді іске асыру нәтижесінде кәсіпкерлер eGov Business арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім бере алады. Бұл ретте операторлардың сыртқы ақпараттық ресурстарына өтудің қажеті болмайды.

Жеке кабинетте "Мемлекеттік қолдау шаралары" деген бөлім пайда болады.

Ол арқылы кәсіпкер:

  • қажетті мемлекеттік қолдау шарасын іздей алады;
  • қызметтерді санаттар мен операторлар бойынша сүзеді;
  • қолдау алу шарттарымен танысады;
  • қажетті құжаттардың тізімін көреді;
  • электронды өтінім толтыра алады.

Өтінім жіберілер алдында бірыңғай жеке кабинет алдын ала тексеру және скоринг жүргізеді.

Электронды цифрлық қолтаңбамен расталғаннан кейін өтінім операторға жіберіледі. Кәсіпкер жеке кабинет арқылы өтінімнің мәртебесін, қаралу тарихын және қабылданған түпкілікті шешімді бақылай алады.

Пилоттық жоба 2027 жылғы тамызға дейін жалғасады. Бірлескен бұйрық 2026 жылғы 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу