Қазақстанда қажетті спорт инфрақұрылымы тапшы – министр

395

Республикада барлығы 43 мыңнан астам спорт ғимараты бар.

Қазақстанда қажетті спорт инфрақұрылымы  тапшы – министр Фото: ШҚО әкімдігі

Оның ішінде 23 мыңнан астамы ауылдарда орналасқан. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Салаға жүргізілген талдау көрсеткендей, елде дене шынықтыруды дамытудың негізгі проблемасы – қажетті спорт инфрақұрылымының жетіспеуі. Жергілікті жерлерде әкімдіктер қолданыстағы спорт ғимараттарын, алаңдарын қайта қалпына келтіру және жаңарту, сонымен қатар халық тығыз орналасқан орындарда қымбат емес спорт нысандарын салу жөнінде біршама шаралар қабылдауда", - деді ведомство басшысы. 

Асхат Оралов бұл шаралардың бүгінгі таңда жеткіліксіз екендігін мойындады.

Жалпы республика бойынша 43 мыңнан астам спорт ғимараыт болса, оның 23 мыңнан астамы ауылдық жерде орналасқан. 

"Биыл Үкімет қаулысымен бекітілген жоспар-кестеге сәйкес 113 жаңа спорттық нысан салу, 20 спорттық нысанды реконструкциялау, жұмыс істеп тұрған спорт объектілерін жете жарақтандыру жөніндегі 6 жоба бойынша жұмыс жалғасады. Сондай-ақ министрлік қажеттілікті анықтау үшін облыстардағы  спорт нысандарына түгендеу жүргізіп жатыр", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу