Қазақстанда кедей елдерге қол ұшын беретін агенттік құрылады

1075

Сыртқы істер министрлігіне қарасты бұл мекемеге "KazAID" атауы берілген.  

Қазақстанда кедей елдерге қол ұшын беретін агенттік құрылады

Қазақстанда кедей елдерге қол ұшын беретін агенттік құрылмақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Ашық нормативтік құқықтық актілер порталына жарияланған ақпаратқа сүйенсек, аталмыш орталық коммерциялық қызметтен тыс жұмыстарды жүзеге асыратын болады. Нақты айтқанда, жағдайы мүшкіл өзге елдерге қаржылай, техникалық және басқа қолдау шараларын ұйымдастырады. Ал оның жарғылық капиталы республикалық бюджет есебінен жүргізілмек. Осылайша, 2017 жылдан бері талқыға түскен жоба келесі айдың ортасында өз жұмысын бастайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу