Қазақстанда кейбір шай түрін сатуға тыйым салынды

504

Толық ақпаратты Комитеттің сайтынан алуға болады.

Қазақстанда кейбір шай түрін сатуға тыйым салынды Фото: Shutterstock

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті кейбір шайды әкелуге және сатуға тыйым салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1-ПГСВ қаулысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің, Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (021/2011 КО ТР), "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары" (029/2012 КО ТР), "Тамақ өнімдерін қаптамалау бөлігінде" (022/2011 КО ТР) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды", – делінген хабарламада. 

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары "күн батуы" (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.

Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

- "Апамның шәйі Premium gold", "Al-Hayat" Golg, "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі "Orda Trade Astana" ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;

- "Sultan Suleyman", "Pakistan tea", өндірушісі "Real Trade Astana" ЖШҚ (Астана қ.)

- "БАЛҚИЯ Premium gold", өндіруші "Аль-Хадия" ЖҚ (Алматы қ.);

-"Aje Onim", өндіруші "Орда Чай" ЖҚ (Алматы қ.) "Кальций" ЖШС тапсырысы бойынша:

- "Al-Hayat" Golg, өндіруші "Empire KENIY E.P.Z. Limited" (Алматы облысы);

- "Al-Jannat Premium", өндіруші "Ferdaus" ЖҚ (Алматы қ.);

- "Alfarah" (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу