Қазақстанда келер жылдан бастап ҮЕҰ-на сыйақы беріледі

1011

Қазақстанда келер жылдан бастап ҮЕҰ-на сыйақы беріледі

Бұл туралы ҚР Премьер-министрі орынбасарының хатшылығы мәлім етті.

Сыйақы ұйымдардың жарғылық мақсаттарына, институционалдық дамуына, қызметкерлердің біліктілігін көтеруге, бірлестіктің материалдық базасын нығайтуға жұмсалады.

Үкіметтің атынан берілетін сыйақы қоғамдық ұсыныстар мен олардың қызметін бағалауды ескере отырып, әлеуметтік жобаны сәтті жүзеге асырған ұйымдарға беріледі. Үміткерлерді іріктеу құзыретті орган жанындағы ҮЕҰ-мен іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінде жүргізіледі. Сыйақы алуға өтінім жолдаған әрбір ұйым кеңес мүшелері мен тәуелсіз сарапшылардан құралған сараптау комиссиясының бағалауынан өтеді.

Сонымен қатар, 2015 жылы ҮЕҰ туралы заңның қабылдануымен "ҮЕҰ үшін грант" түсінігі енгізілді. Гранттарды беруді гранттық қаржыландыру операторы – "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады.

2016 жылы ҮЕҰ грант беру үшін 208 млн теңге қаржы бөлінді. Тамыз айында оператор 11 жоба бойынша байқау өткізіп, қазіргі уақытта жеңімпаздар жобаны жүзеге асыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу