Қазақстанда киік етіне үлкен сұраныс жоқ – вице-министр

1042

Бекітілген баға өзгермеген.  

Қазақстанда киік етіне үлкен сұраныс жоқ – вице-министр Фото: orda.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ішкі нарықта киік етіне деген сұраныс қандай екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер: "Киік етіне былтыр болған үлкен сұраныс биыл да сақталып отыр ма?" деп сұрады.

"Өкінішке қарай, қазіргі таңда киік етіне ондай үлкен сұраныс жоқ. Қайта өңдеу кәсіпорындарында артық қор жиналып қалғаны байқалады. Бұл ең алдымен Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар популяциясын қалпына келтіру жөніндегі шектеулерімен байланысты. Біз Экология, Сауда министрліктерімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өткізу арналарының кеңеюту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", – деді Азат Сұлтанов Үкімет үйінде өткен баспасөз брифингінде.

Вице-министрдің айтуынша, киік етінің ұсынылған бағасы да өзгермеген.

"Қайта өңдеу кәсіпорындары ретінде пайдалануды ұсынған ет комбинаттарының саны да өзгеріссіз қалып отыр", – деп атап өтті АШМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу