Қазақстанда киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді

153

Қазақстанда киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді Фото: YouTube

Қазақстандағы киіктердің саны бүгін рекордтық деңгейге жетті – 4 млн бас, сондай-ақ төлдеуден кейін 2026 жылы шамамен 5 млн басты құрайды, деп хабарлайлы inbusiness.kz сайты.

"Осындай қарқынды өсуді ескере отырып, уәкілетті органдар Зоология институты дайындаған биологиялық негіздеме негізінде ауыл шаруашылығына зиян келтірмеу және экожүйелік тепе-теңдікті сақтау үшін жануарлар санын тұрақты басқару бойынша іс-шаралар жүргізді, – деп жазылған хабарламада.

Мәселен, осы жылы 1 шілдеден 30 қарашаға дейін 196 мыңға жуық киік тәркіленді, ұшалары отандық ет өңдеу кәсіпорындарына берілді. Жұмыстар ғылыми ұсынымдарға сәйкес қатаң түрде жүргізілді.

"Дериваттарды есепке алуға және сақтауға ерекше назар аударылады. Киіктердің барлық мүйізі таңбаланып, министрлікке ведомстволық бағынысты "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК ұйымында күшейтілген күзет және мамандандырылған инфрақұрылым жағдайларында сақталады.

Дериваттарды цифрлық таңбалау және халықаралық реттеу мәселелері жеке қаралды. "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп толық қадағалауды және заңды айналымды қамтамасыз ететін киік мүйіздерін таңбалау жобасы жүзеге асырылуда, – деп жазылған ақпаратта.

Ұсынылған жүйе CITES Халықаралық конференциясында қолдау тапты және қазақстандық дериваттардың экспортына шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастау үшін негіз ретінде қарастырылады.

Жиын қорытындысы бойынша Роман Скляр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға 2026 жылға киік санын тұрақты басқаруға дайындық бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу