Қазақстанда киім мен тоқыма бұйымдарын таңбалау енгізіледі

211

2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.  

Қазақстанда киім мен тоқыма бұйымдарын таңбалау енгізіледі Фото: portkkm.ru

Шараны іске қосу алдында пилоттық жобалар мен қоғамдық талқылаулар өткізіліп, оның аясында нарық қатысушылары жүйені сынақтан өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таңбалаудың бірыңғай операторы жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев атап өткендей, шешім бейінді мемлекеттік органдар – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, сондай-ақ, Сауда және интеграция министрлігі жұмысының қорытындысы бойынша қабылданды.

"Қазақстан аумағында жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу туралы шешім қабылданды", – деді Ерлан Қарабаев Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

ОКҚ-да енгізу жұмыстары үш кезеңде өтетінін нақтылады:

  • 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап;
  • 2027 жылғы 1 наурыздан бастап;
  • 2027 жылғы 1 қазаннан бастап.

Тұтынушылар үшін NAQTY ONIM тегін мобильді қосымшасы әзірленді. Оның көмегімен таңбалау кодын сканерлеп, өндіруші, тауардың шығу тегі және оның заңдылығы туралы ақпарат алуға болады.

"Ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда сатып алушы тікелей қосымшада өтініш қалдыра алады, оны реттеуші орган қарастырады. Осылайша, таңбалау тек бақылау құралы ғана емес, сонымен қатар әрбір тұтынушының құқығын қорғаудың нақты механизмі қызметін атқарады", – деді Ерлан Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу