Қазақстанда көмірді биржа арқылы саудалау ұсынылды

1114

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары Әрсен Ысқақов осы арқылы сатушылардың бағаны өзара келісіп көтеруінің алдын алуға болады дейді.

Қазақстанда көмірді биржа арқылы саудалау ұсынылды

Әрсен Ысқақов, бір тонна көмір 5,5 мың теңгеге тұратын кезде, алыпсатарлар бағаны екі, үш есе көтеріп жіберетінін, нәтижесінде ол бастапқыдағы 5,5 мың теңгеден 15-18 мың теңгеге жоғарылайтынын айтты.

"Біз көмірді биржа арқылы сату тәжірибесін қолдаймыз. Дегенмен биржа ойыншыларының өзара келісіп алуын болдырмау үшін ережелерді қатаңдату керек",– деді Әрсен Ысқақов.

Сонымен қатар, ол көмір өндіруші компанияларға шикізатты энерго өндіруші мекемелерге тек тауарлық биржалар арқылы саудалауды ұсынды.

"Биржада сауданы екі немесе үш күн бұрын хабарлап, лоттардың ең жоғары көлемін бекіту керек. Өйткені көмір сатып алғысы келетіндердің барлығы бұдан хабардар болуға тиіс. Яғни, белгіленген уақытта саудаға араласып, өзге ойыншылармен бәсекелестікке түсу маңызды. Сауда сессияларының ұзақтығы да талқылауды қажет етеді. Біз сатуға шығарылатын көмірдің ең жоғары көлемін – 2 мың тонна, ал биржа уақытын 10 минут деп бекітуді ұсынып отырмыз",– деді комитет төрағасының орынбасары.

Ескерте кететіні, жыл сайын антимонополиялық комитет бағаны өзара келісіп қымбаттатқан көмір нарығындағы субъектілерді заң негізінде жауапкершілікке тартып келеді. Мәселен, 2017-2018 жылдары 49 көмір тасымалдаушы және бір көмір өндіруші компанияға айыппұл салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу