Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері өседі

Ұлттық экономика министрі бұл тұтынушыларға айтарлықтай салмақ салмайды деп сендірді.

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері өседі Фото: lada.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенат кулуарында елімізде желілердің тозуына байланысты коммуналдық қызметтерге тарифтері өзгеретінін айтты, деп хабарлайды inbsuiness.kz.

"Келесі жылдың екінші жартысынан бастап тиісті өзгерістер енгізіледі. Өйткені субъектілер өз қызметтері мен желілерін жаңартуы қажет. Президент сайлауалды бағдарламасында тиісті көрсеткіштерді белгіледі. Есептеулер аясында біз желілердің тозуын 15-20%-ға төмендетеміз. Тариф көтеріледі, басқа амал жоқ. Алдымен біз ең күрделі нысандарды қарастырамыз. Олар жан-жақты зерттеледі. Осыған байланысты тиісті тарифтерді көтеру мәселесі қаралатын болады", – деді Әлібек Қуантыров. 

Оның айтуынша, осы зерттеулер аясында тарифтер нақтыланады.

"Мәселен, Екібастұзда тарифті 2,5 есеге көтеру ұсынылды. Әрине, мұндай деңгейге дейін тарифті өсіруге болмайды. Сондықтан біз оны тағы да талқылаймыз", – деді Ұлттық экономика министрі.

Министр тарифтердің қымбаттауы аясында халықтың жағдайы ескерілетінін, тұтынушыларға айтарлықтай салмақ салмау мәселесі жан-жақты қарастырылатынын түсіндірді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу