Қазақстанда коммуналдық төлемдер жаңа жүйеге көшеді

159

Енді тұрғындар үшін есеп айырысу жүйесі бірізді болады.    

Қазақстанда коммуналдық төлемдер жаңа жүйеге көшеді Фото: krisha.kz

Қазақстанда коммуналдық қызметтерді төлеу ережелері өзгереді. Жаңа жүйе 20 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Енді барлық төлемдер бір шотта біріктіріліп, тұрғындарға ыңғайлы форматта ұсынылады. Электр энергиясы, су, қоқыс шығару және өзге де қызметтер үшін бөлек түбіртектер болмайды, олардың барлығы бірыңғай есеп айырысу орталығы (БЕО) арқылы дайындалатын бірыңғай төлем құжатына енгізіледі.

Шотты электронды түрде жеке кабинет арқылы алуға болады, ал қалаған жағдайда қағаз түрінде де рәсімделеді.

Барлық төлемдер алдымен БЕО-ның транзиттік шотына түсіп, 3 күн ішінде тиісті қызмет көрсетушілерге аударылады. Бұл тәсіл есеп айырысуды барынша ашық әрі бақылауды қатаң етуге бағытталған.

Сонымен қатар коммуналдық төлемдердің бірыңғай мерзімі бекітілді. Енді әр айдың төлемін келесі айдың 25-іне дейін өтеу қажет. Бұрын төлем мерзімі келісімшартқа немесе жергілікті заңнамаға байланысты әртүрлі болатын, енді бұл ереже баршаға ортақ.

Қызмет көрсетушілер жіберілген қателер үшін жауап береді, ал әкімдік төлемдер мен есеп-қисапты тексеруге құқылы.

Шағым қабылдау тәртібі де өзгерді: енді арыздар тек қол қойылып, фото немесе бейнематериалдармен дәлелденсе ғана қаралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу