Қазақстанда Кореяның жетекші технологиялық университетінің филиалы ашылады

224

Қазақстанда KAIST филиалын ашу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанда Кореяның жетекші технологиялық университетінің филиалы ашылады Фото: gov.kz

Қазақстанда Кореяның ғылым мен озық технологиялар саласындағы жетекші оқу орындарының бірі – Корей ғылым және озық технологиялар институтының (KAIST) филиалын ашу жоспарланып отыр.

Бұл мәселе Сеулде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Корея Республикасының Премьер-министрінің орынбасары, Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Кен Хунмен кездесуінде талқыланды.

Тараптар ғылым, жоғары білім және жасанды интеллект бағыттарындағы екіжақты байланысты одан әрі нығайту жолдарын қарастырды. Әсіресе озық технологияларды Қазақстанға трансферлеу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және ғылыми-білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне басымдық берілді.

Кездесуде KAIST филиалын Қазақстанда ашу бастамасына ерекше назар аударылды. Жаңа құрылым жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және басқа да перспективалы ғылыми бағыттар бойынша білікті мамандар даярлауға мүмкіндік бермек.

Саясат Нұрбек Қазақстанның Кореямен стратегиялық әріптестікті тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект, технологиялар трансфері және кадр даярлау салаларындағы ортақ жобалар екі ел үшін де маңызды.

Кездесу соңында тараптар ғылыми-технологиялық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты. Сондай-ақ қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бағытындағы жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу