Қазақстанда құрылыс қарқыны 11,5%-ға артты

Мұндай статистикалық деректі Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мысалға келтірді.

Қазақстанда құрылыс қарқыны 11,5%-ға артты Фото: primeminister.kz

Оның сөзінше, Жетісу, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал елімізде құрылыс қарқыны 11,5%-ға артқан деуге негіз бар. Өсім елдің 17 өңірінде тіркеліп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында сөз болды.

Құрылыс жұмыстарының ең жоғары өсімі Ұлытау, Қызылорда, Атырау және Павлодар облыстарында тіркелсе, Шымкент қаласында да өсім байқалған.

– Елде тұрғын үй құрылысы да жалғасып жатыр. Биыл 13,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға көп. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші Алматы, Маңғыстау, Павлодар және Жетісу облыстарында жоғары болған, – деп атап Серік Жұманғарин.

Бұған дейін жыл басынан Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,2%-ға жеткенін жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу