Қазақстанда құрылыс жұмыстары 13,4%-ға өсті

360

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында құрылыс саласында оң динамика тіркелді.   

Қазақстанда құрылыс жұмыстары 13,4%-ға өсті Фото: stat.gov.kz

2026 жылғы қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 13,4%-ға артып, 2410 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өсім негізінен ғимараттар салу (41,2%) және құрылыс жұмыстары мен жөндеу қызметтерінің ұлғаюымен байланысты.

Осы кезеңде құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең үлкен үлес автомобиль жолдары, теміржолдар мен метролар құрылысына тиесілі болып, 26,3%-ды құрады. Сонымен қатар тұрғын емес ғимараттар – 20,4%, ал тұрғын үйлер құрылысы – 11,9% үлесті иеленді.

Құрылыс жұмыстарын орындау құрылымында жеке ұйымдардың үлесі 87,9% болды. Шетелдік компаниялар 11,4%, ал мемлекеттік ұйымдар 0,7% көлемде жұмыс атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу