Қазақстанда құс еті қымбаттай ма?

307

Тамыз айынан бастап құс еті бір пайызға өсті.  

Қазақстанда құс еті қымбаттай ма? Фото: primeminister.kz

Құс еті бойынша бағаның жоғары құбылуы күтілмейді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Тауық етінің бағасы алдағы уақытта қандай болуы мүмкін?" деп сұрады.

"Соңғы апталар бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының индексінің өсімі 0,1 пайызға тең болды. Құс еті бойынша бағаның жоғары құбылуы болады деп күтілмейді. Жалпы алғанда, тамыз айынан бастап құс еті бағасының өсімі бір пайыз ғана болды. Сондықтан құс етінің күрт қымбаттауы болады деп болжамаймыз", – деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметте өткен брифингте.

Ал Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сиыр етінің бағасына қатысты ахуалға тоқталды.

"Малдың басы жеткілікті. Төлдің басы 17 пайызға көбейіп отыр. 7,9 млн бас болса, қазір 8,7 млн-ға жетті. Ал енді өзіндік құнын айтатын болсақ, бұрын малдың тірідей өлшемге алғандағы салмағының құны 1200-ден 1500 теңгеге дейін баратын. Қазір 1700-1800 теңгеге дейін өсті, өйткені жем-суы бар, басқа да жанар-жағармайлары бар. Еттің әртүрлісі бар. Үшке бөлінеді: еттіліктің жоғарғы, орташа және төменгі санаты. (...) Әрі қарай өсу болмайды. Фермерлер бүгінде орташа баға 3200 теңгеден 3500 теңгеге шейін өткізіп жатыр. Әрі қарай оны нарықта сатуға байланысты", – деді АШМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу