Қазақстанда құс жұмыртқасын әкелуге қойылған шектеу ұзартылуы мүмкін

152

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағына жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы" бұйрық жобасын дайындады.  

Қазақстанда құс жұмыртқасын әкелуге қойылған шектеу ұзартылуы мүмкін Фото: altyn-orda.kz

Құжатқа сәйкес, ел аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жаңа піскен тауық жұмыртқасын 1 ай әкелуге тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл шектеу барлық көлік түрлеріне қатысты болады. Дегенмен, транзиттік тасымалдаулар мен бір ЕАЭО елінен екіншісіне Қазақстан аумағы арқылы жұмыртқа өткізуге рұқсат етіледі.

Министрлік тыйым енгізу шарасы отандық өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Бұйрық жобасы 21 қазанға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Айта кетейік, биыл 9 сәуірден бастап Қазақстанда құс жұмыртқасын әкелуге жарты жылдық тыйым енгізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу