Қазақстанда қылмыс деңгейі 1,8%-ға өсті

627

Қылмыспен күрес мақсатында "Заң керуені" акциясы іске қосылады. Оған жергілікті жерлердегі уәкілетті органдардың мамандары да қатыспақ.

Қазақстанда қылмыс деңгейі 1,8%-ға өсті

Елімізде қылмыс деңгейі 1,8%-ға өсті. Қылмыстың басым бөлігін мүліктік қылмыстар құрайды. Атап айтқанда, ұрлық (9,2%-ға) пен алаяқтық (4,6%-ға) саны өскен, деп жазады inbusiness.kz ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы тұста тонау (1,4%-ға), қарақшылық (24%-ға), бұзақылық (9,3%-ға) қылмыстары азайғанын атап өту қажет.

Балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар 21,3%-ға және жалпы отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар 7,2%-ға қысқарып отыр.

Қаржы пирамидаларын құру және басқару (45%-ға), интернет-алаяқтық (5%-ға) туралы істер азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу