Қазақстанда қымыз бағасы көтеріліп, шұбат өндірісі азайды

479

Жаз мезгілінің аптап ыстығында қымыз бен шұбатқа сұраныс ерекше артады.  

Қазақстанда қымыз бағасы көтеріліп, шұбат өндірісі азайды Фото: kazgazeta.kz

Былтыр елімізде екі сусынның да өндірісі артқан. Ал, биыл елімізде шұбат өндіру азайып, қымыз өндірісі артып, бағасы көтерілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Energyprom.kz жазуынша, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 683 тонна қымыз өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,2%-ға көп. Ал шұбат өндірісі, керісінше, 12,9%-ға азайып, 432 тоннаны құрады.

Биыл қымыз бағасы ай сайын өсіп отыр: қаңтарда – 2,1%, ақпанда – 2%, наурызда – 1,2%, сәуір мен мамырда – 1,3%, ал маусымда – 0,3%.

Маусымда қымыз бір жылмен салыстырғанда 14,2%-ға қымбаттады. Былтыр бұл көрсеткіш 8,5% болған. Бұл – 2023 жылдан бергі маусым айындағы ең жоғары өсім. Ол кезде қымыз бағасы 19,5%-ға көтерілген еді.

"Өңірлер бойынша ең жоғары баға өсімі Ақмола облысында тіркелді – 30,5%. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (27,4%), Жетісу облысы (24,2%), Қостанай облысы (20,2%) және Маңғыстау облысы (16,6%) орналасқан.

Бағаның ең төмен өсімі Қарағанды және Абай облыстарында (әрқайсысында 6,3%), Түркістан облысында (6,5%) және Шығыс Қазақстан облысында (9,1%) тіркелді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу