Қазақстанда LADA-ның жаңа модельдері шығарылатын болды

1009

Қазақстанда LADA-ның жаңа модельдері шығарылатын болды

Жаңа модельдердің сериялық шығарылымы үстіміздегі жылдың желтоқсанында басталады. Еліміздегі "Азия авто" көлік құрастырушы зауыт ("Бипэк Авто" холдингінің құрамына кіреді)  Ладаның жаңа модельдері – Vesta седаны, XRay кроссовері, сондай-ақ Largus және Granta лифтбегін шығаруға дайындыққа кірісіп кетті, деп жазады Kazpravda.kz.

 "Дайындық жұмыстары қараша айында "АвтоВАЗ" мамандарымен бірлесіп "Renault-Nissan-АвтоВАЗ" альянсының сапа стандарттарына сәйкес жүргізіледі", деп мәлімдеді "Азия авто" компаниясының баспасөз қызметі.

Жаңа модельдерді сериялық шығару үстіміздегі жылдың желтоқсанына белгіленген.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Өскеменде "Азия авто" базасында жол талғамайтын LADA 4x4, LADA Granta седаны және LADA Kalina универсалы шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу