Қазақстанда "Ланъя" вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ – ДСМ

585

"Ланъя" жаңа генипавирусы туралы не белгілі? 

Қазақстанда "Ланъя" вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ – ДСМ

"Ланъя" вирусы алғаш рет төрт жыл бұрын геномдық зерттеу нәтижесінде табылған.

Бұл вирус Қытайдың екі провинциясында 35 адамнан табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме беріп.

Оны жұқтырғандарда қызба, шаршағыштық, жөтел, миалгия, жүрек айну, бас ауруы, тәбеттің болмауы секілді белгілер болады.

"Бұл зоонозды инфекция, яғни адамдар ауру жануарлардан вирус жұқтырады. Вирусқа антиденелер үй жануарларында – ешкілер мен иттерде анықталды. Жабайы табиғатта вирус шіркейлерде кездеседі. Қазақстанда "Ланъя" вирусын жұқтыру жағдайлары жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу