Қазақстанда LRT үшін жаңа полиция басқармасы құрылады

535

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды,  

Қазақстанда LRT үшін жаңа полиция басқармасы құрылады Фото: 24.kz/ЖИ

Құжатқа сәйкес, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің құрылымында жаңа мемлекеттік мекеме – LRT нысандарындағы көлік полициясы басқармасы пайда болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа бөлімшені қаржыландыру республикалық бюджеттен, Ішкі істер министрлігін ұстауға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ басқарма министрлікке қарайтын аумақтық органдар мен бөлімшелердің тізіміне енгізіледі.

Жарияланған қаулы бөлігінде жаңа басқарманың штат саны және оның жауапкершілік аймағына кіретін нақты нысандар туралы басқа мәліметтер көрсетілмеген.

Құжаттың бір тармағы қызметтік пайдалануға арналған. Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу