Қазақстанда мал ұрлығына қатысты 258 адам ұсталды

305

58 қылмыстық топ құрықталды.  

Қазақстанда мал ұрлығына қатысты 258 адам ұсталды Фото: Егемен Қазақстан

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылдың алғашқы бес айында 266 мал ұрлығы тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмендеген. Сонымен қатар қылмыстың ашылу деңгейінде оң динамика байқалады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 258 адам ұсталып, 58 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1730 бас малдың 1007-сі иелеріне қайтарылған.

Жамбыл облысында да мал ұрлығына қатысты қылмыс ашылды. Полиция қызметкерлері жалпы құны 15 млн теңгеден асатын 25 бас ірі қараның ұрланғанын анықтады. Жедел іс-шара барысында үш күдікті ұсталып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған мал иесіне қайтарылды.

Министрлік мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмауға, уақтылы таңбалауға және мал жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу