Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі сақтандырылады

559

Тиісті бұйрық жобасын Денсаулық сақтау министрлігі дайындады.

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі сақтандырылады Фото: Turkystan.kz

Елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру қағидалары бекітілмек, деп жазады inbusiness.kz.

"Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты –денсаулық сақтау субъектісінің және (немесе) медицина қызметкерінің медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі салдарынан пайда алушының пайдасына денсаулық сақтау субъектісі мен медицина қызметкері арасында жасалған шарт", - делінген құжатта. 

Оған сәйкес медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты жыл сайын жасалады. 

Құжатта денсаулық сақтау субъектісі медициналық қызметті медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес екені жазылған.

"Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде денсаулық сақтау субъектісінің және (немесе) медицина қызметкерінің пациентке өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі бойынша оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады. Егер медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде денсаулық сақтау субъектісінің және (немесе) медицина қызметкерінің пациенттің денсаулығы мен өміріне зиян келтіру фактісі анықталса, сақтандыру жағдайы пайда болды деп есептеледі", - делінген құжатта.

Сақтандыру шарты келесі жағдайларда тоқтатылады:

- оның қолданылу мерзімі аяқталғанда;

- сақтандыру шартын жарамсыз деп тану туралы сот шешім қабылдағанда;

- сақтанушының немесе сақтандырушының талабы бойынша, олар сақтандыру шартының талаптарын бұзған жағдайда.

Құжатта медициналық қызметкерлердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты сақтандыру мерзімі ішінде қолданылады, бірінші сақтандыру жағдайы бойынша өзінің қолданылуын тоқтатпайды деп көрсетілген.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 10 сәуірге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу