Қазақстанда медициналық туризм қарқынды дамып келеді

353

Елімізге 80 мыңнан астам шетелдік ем алу үшін келіп, медициналық туризмнің дамуына серпін берді.  

Қазақстанда медициналық туризм қарқынды дамып келеді Фото: trend.az

Қазақстан медициналық туризм саласында өз позициясын күшейтіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Былтыр еліміздің медициналық ұйымдары шамамен 80 мың шетелдік азаматқа қызмет көрсеткен. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесіне деген шетелдік қызығушылықтың артқанын байқатады.

Негізгі артықшылықтардың бірі – жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімді бағамен ұсынылуы. Қазіргі таңда елдегі 10 медициналық ұйым халықаралық JCI аккредитациясынан өткен.

Саланы дамыту мақсатында Туризм және спорт министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған медициналық туризмді дамыту жол картасын әзірлеп жатыр. Құжатта инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет сапасын арттыру, халықаралық нарықта ілгерілету және ынтымақтастықты кеңейту шаралары қарастырылған.

Жоба инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның медициналық туризм бағыты бойынша халықаралық беделін нығайтуға ықпал етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу