Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қандай?

1616

Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, елімізде 97 403 мемлекеттік қызметші бар. Оның 715-і – саяси корпуста, 84-і – "А" корпусында, 96 604-і "Б" корпусында жұмыс істейді, деп хабарлайды Atameken Business. 

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қандай?

Мемлекеттік қызметшілер саны 2018 жылмен салыстырғанда 1 927 адамға азайған. Қызметшілердің орташа жасы – 39. Олардың үлесі – 34,1%, 30 жасқа дейін – 23%,  40-тан 50 жасқа дейін – 22,2%, 50 жастан бастап және одан жоғары жастағылардың үлесі – 20,7 %.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі – 56% (49 584).

Айтпақшы,  мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында бос жұмыс орындары да бар. Еліміз бойынша 23729 мемлекеттік қызметші қажет. Жұмыссыздар қатары көбейгенін ескерсек, осынша орынның бос тұрғаны таң қаларлық. Әлде көпшілік мемлекеттік қызметтен жалақысына бола ма бас тарта ма? Жалпы олардың еңбекақылары қандай?

Ең төменгі жалақы – 81 229 теңге. Ең жоғары – 220 682 теңге. Оның өзі басшылық қызметтегілердің төлемі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу