Қазақстанда мереке күндері пойыздар қалай жүреді?

376

Сұранысқа байдланысты қосымша рейстер мен қосымша вагондар қосылады.

Қазақстанда мереке күндері пойыздар қалай жүреді? Фото: inbusiness.kz

Желтоқсан айындағы мереке күндері Жолаушылар тасымалы қосымша рейстерді іске қосады. Бұл билеттерге сұраныстың артуына байланысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ қосымша пойыздар жүретін бағыттар да нақтылануда:

№ 201/202 Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент – 2023 жылдың 15, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1 қаңтарында астанадан 3 рейс.

Шымкенттен – 16, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2 қаңтары.

№ 203/204 Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2 – "Нұрлы жол" вокзалынан 15, 28, 29 желтоқсанда және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында 5 рейс.

Алматы-2 – 16, 29, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2, 3 қаңтары.

"Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, пойыздар стандартты купе мен резервтік вагондардан тұрады.

"Сондай-ақ Астанадан Павлодарға № 7510/7509 электр пойызының қосымша рейсі белгіленген, пойыз елордадан 15, 29, 30 желтоқсанда, қарсы бағытта – 18 желтоқсанда және 2024 жылдың 2 қаңтары", деді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, компания уәде еткендей, техникалық мүмкіндіктер болса, сұраныс жоғары аймақтардағы жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу