Қазақстанда мүгедектігі бар жандар үшін жеңілдетілген ұялы байланыс тарифтері енгізіледі

239

Барлық байланыс операторларына осындай міндеттеме жүктеледі.  

Қазақстанда мүгедектігі бар жандар үшін жеңілдетілген ұялы байланыс тарифтері енгізіледі Фото: freepik.com

Бүгін Мәжіліс екінші оқылымда қабылдаған байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласына қатысты заңда осы және өзге де бірқатар түзету енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Байланыс операторлары төтенше жағдай кезінде смс-хабарлама жіберуге міндетті болады.

"Заң жобасы аясында бірқатар түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Ол 24 қаңтарда 1 оқылымда мақұлданды. Депутаттар ұсынған бастамалардың ішінде бірқатар нормаларды ерекше атап өткім келеді. Пилоттық жоба шеңберінде геостационарлық емес спутниктерді (старлинк, уанвеб) пайдалана отырып, байланыс технологияларын енгізу үшін ерекше реттеу енгізіледі. Бұл шалғай ауылдардағы әлеуметтік нысандарды интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу