Қазақстанда мұнай тақырыбында көркем туынды жарық көреді

437

Отандық кино мен сериал өндірісінде мұнай тақырыбына қызығушылық артып келеді.  

Қазақстанда мұнай тақырыбында көркем туынды жарық көреді Фото: gov.kz

10 қыркүйекте еліміздің кинотеатрларында "Қара алтын" атты толықметражды фильм көрерменге жол тартпақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа туынды тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстандағы мұнай бизнесі туралы баяндайды. Сценарий авторы – белгілі режиссер Мұрат Есжан. Ол "Ахмет. Ұлт ұстазы" фильмі мен "Міржақып, Оян Қазақ" тарихи драмасын түсіріп, шынайы оқиға, тарихи фактілер көрерменге айрықша әсер еткені белгілі.

Продюсер Айсәуле Әбілда журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жаңа картинада нақты өмірде болған адамның оқиғасы негізге алынғанын айтты.

"Қара алтын" тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жаңа экономикалық жүйеге бейімделіп, мұнай саласына қадам басқан адамның жолын көрсетеді. Дегенмен авторлар картинаны тек бизнес немесе байлық туралы фильм деп қабылдамауға шақырады.

Туындының продюсері Айсәуле Әбілданың айтуынша, фильмде материалдық жетістікпен қатар адамның рухани таңдауы, ар-ұяты және өз құндылықтарына адалдығы сөз болмақ.

"Фильм өмірде болған оқиғаға негізделген. Нақты кейіпкері өмірде бар. Ол кісімен келісім бойынша қазір аты-жөнін жарияламай-ақ қояйын. Киномыз шықсын, содан кейін өзі айта жатар деп ойлаймын. Бұл жерде руханият та бар. Өйткені байлық деген тек материалдық болмайды ғой", – деді Айсәуле Әбілда.

Фильмнің жанры мотивациялық бизнес-драма ретінде көрсетілген. Оның негізгі тақырыбы – адамның өз арманына сенуі, қиындық алдында ойша жеңілмей, адал еңбекпен жетістікке ұмтылу.

Айта кетейік, "Қара алтын" – "Оян, қазақ!" авторларының үш жылдық үзілістен кейінгі алғашқы толықметражды жұмысы. Туынды 10 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатроларында көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу