Қазақстанда мыңнан астам шетел азаматы жазасын өтеп жатыр

227

Олардың дені ТДМ азаматтары. 

Қазақстанда мыңнан астам шетел азаматы жазасын өтеп жатыр Фото: gov.kz

Қазақстан түрмелерінде мыңнан астам шетел азаматы жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"Заңға қосымша ұсынылған анықтамалық ақпарат бойынша еліміздің түзету мекемелерінде 1012 шетелдік жазасын өтейді. Оның ішінде 965 ТМД азаматтары, 47-сі – алыс-шетел азаматтары. Тілдік кедергінің жоқтығын ескере отырып, ТМД елдерінің азаматтарымен қандай да бір байланыс орнатуға болады деп ойлаймын. Алыс-шетелдерден келген сотталған адамдармен, әсіресе, қазақ немесе орыс тілдерін білмейтіндермен жұмыс қалай жүзеге асырылады?", – деп сұрады сенатор Руслан Рүстемов.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбековтің сөзінше, мыңнан астам шетелдік жазасын Қазақстанда өтеп жатыр. 

"Олардың көп бөлігі қазақ немесе орыс тілдерін біледі. Өйткені көптеген жылдар бойы Қазақстанда болған азаматтар. Қазақша немесе орысша білмейтін сотталғандар да бар. Олармен ағылшын немесе басқа шет тілін меңгерген ҚАЖ қызметкерлері жұмыс істейді. Егер де ондай қызметкерлер болмаса, біз консулдық қызметтердің немесе аудармашылардың көмегіне жүгінеміз", – деді Абай Қайырбеков.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді бір-біріне ұстап беретінін, Сенат тиісті заңды мақұлдағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу