Қазақстанда мыс фольгасын өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды

304

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Londian Wason New Energy Tech Inc. компаниясының бас директоры Чжоу Гуанлиньмен және NAIKAN Ltd. компаниясының басшысы Александр Нигаймен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда мыс фольгасын өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды Фото: Үкімет

Келіссөздер барысында өнеркәсіптік әріптестікті нығайту, заманауи шетелдік технологияларды енгізу және жоғары қосылған құны бар өндіріс орындарын ашу мәселелері қаралды.

Тараптар Қазақстанда отандық катодты мысты пайдалана отырып, мыс фольгасын шығаратын зауыт салу бастамасын талқылады. Бұл өнім аккумуляторлар, энергия сақтау жүйелері мен заманауи микроэлектроника өндірісінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, қазақстандық мыс фольгасын Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" жобасында пайдалану мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу кезінде жергілікті шикізатты қолдану, қазақстандық мамандарды техникалық даярлау және дайын өнімді халықаралық нарықтарға экспорттау мәселелеріне баса назар аударылды.

Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметтің шикізатқа тәуелділікті азайтып, оны терең өңдеу арқылы дайын өнім өндіруді дамытуға басымдық беріп отырғанын жеткізді.

Келіссөздер нәтижесінде NAIKAN Ltd. және Londian Wason компаниялары Қазақстан аумағында зауыт салу жобасын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу