Қазақстанда мыс іздеу инвесторлар үшін 10 млрд теңге тұратын болады

854

Металл Қазақстанның  үш өңірінен іздестіріліп жатыр. 

Қазақстанда мыс іздеу инвесторлар үшін 10 млрд теңге тұратын болады

Қазақстанда жақын арада мыс іздеу жұмысына 10 млрд теңгеге жуық қаражат тарту көзделіп отыр.  Бұл туралы LS хабарлайды. 

Ұлттық компанияның ақпарына сәйкес, тап қазіргі уақытта мыс іздеуге 6,5 млрд теңге бөлінген.

"2018 жылдың соңына қара шетелдік инвестиция 5,7 млрд теңге. 2019 жылы шамамен 4,3 млрд теңге инвестициялау жоспарлануда. Әр жобаның жалпы құны 500 млн теңге мен 7 млрд теңге аралығында. Бұл учаскені зерттеу мен жоспарланған жұмыс түрлеріне байланысты", – деп түсіндірді компания.

Қазір мыс Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан іздестірілуде. Іздеу жұмыстарын Аустралия, Ұлыбритания, Германия инвесторлары жүргізіп жатыр. Жұмыс 2024 жылға дейін жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу