Қазақстанда оқушылардың сәйкестендіру карталары жүйесі іске қосылды

686

Сәйкестендіру карталары мектеп ғимаратына кіруге, тамақтануға және оқу материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда оқушылардың сәйкестендіру карталары жүйесі іске қосылды Фото: arnapress.kz

Пилоттық жоба Астана, Шымкент қалаларында және Маңғыстау облысында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылдың қыркүйегінде республика бойынша 1000-нан аса қалалық мектеп оқушылары ID карта пайдаланатын болады.

Жоба  Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қарашадағы "Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылуда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу