Қазақстанда өңделген сүт өндірісі 441 мың тоннадан асты

136

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға көп.  

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі 441 мың тоннадан асты Фото: eldala.kz

Елімізде биыл қаңтар-тамыз айларында 441,3 мың тонна өңделген сүт өндірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өңделген сүт өндірісінің ең жоғары көлемі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 120,8 мың тонна. Одан кейін Ақмола облысы – 96,2 мың тонна, Алматы облысы – 64,7 мың тонна және Қостанай облысы – 43 мың тонна.

Сонымен қатар биылғы қаңтар-шілде айларында өңделген сүт экспорты 2,9 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3%-ға көп.

Экспорттың негізгі бағыттары – Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан. Оның ішінде Ресейге 2,24 мың тонна, Өзбекстанға 307,9 тонна, Тәжікстанға 194 тонна өңделген сүт жөнелтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу