Қазақстанда өндірістік жарақаттану 13%-ға төмендеді

1276

2018 жылдың 9 айында 1 085 адам зардап шегіп, оның ішінде 111 адам қайтыс болған еді.  

Қазақстанда өндірістік жарақаттану 13%-ға төмендеді

Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республика кәсіпорындарында 844 жазатайым оқиға орын алып, нәтижесінде 943 адам зардап шеккен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13%-ға төмен, деп хабарла     йды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 153 немесе 16,2% және құрылыс саласында – 121 немесе 12,8% байқалады.

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан (137 адам зардап шекті), Қарағанды (133 адам), Павлодар (83 адам), Қостанай облыстарында (67 адам) және Алматы қаласында (73 адам) сақталуда.

Еңбекті қорғау саласында неғұрлым жиі орын алатын бұзушылықтар қызметкерлерді оқытпау және нұсқама жүргізбеу – 13,5 % (243); қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу – 11,9% (214); жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқкиіммен қамтамасыз етпеу – 9,7% (174) болып табылады.

Жазатайым оқиғалардың көпшілігі зардап шегушінің биіктіктен құлауынан (191 немесе 20,2%), қозғалатын, айналатын заттардың әсерінен (119 немесе 12,6%), заттардың, материалдардың қирауынан, опырылуынан, құлауынан (105 немесе 11,1%) болған.

Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 054 тексеру жүргізіп, оның барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 1 791 бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге бұзушылықтарды жою туралы 344 ұйғарым шығарылып, 21,2 млн.теңге сомаға 151 әкімшілік айыппұл салынды. Заңды және жеке тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 631 өтініші қаралып, өндірістегі жазатайым оқиғаларға 882 арнайы тексеру жүргізілді. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнуіне байланысты мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды бұзғаны үшін 47 адамды атқарып отырған қызметінен босатылды. 11 құрал-жабдық, 2 өндірістік нысан және 7 ұйымның қызметіне тыйым салынды. 820 іс құқық қорғау органдарына берілді, олар бойынша 116 қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған еңбекті қорғау саласындағы кешенді шаралар өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу