Қазақстанда органикалық өнім экспортын арттыру қажет

1369

Қазақстанда органикалық өнім экспортын арттыру қажет

Органикалық өнімдер экспортына баса назар аудару керек. Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осындай тапсырма берді. Үкімет басшысы Ресей нарығын алкогольдік өнімдерімен жаулау мүмкін еместігін алға тартып, басқа тауарлар тасымалын арттыру керектігін жеткізді. Белгілі болғандай елімізде органикалық заттар бойынша төрт стандарттық жоба әзірленуде. Ол желтоқсан айында үкімет қарауына ұсынылатын болады. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты жоғары қарқында жүргізілуде. Мәселен шетке шығарылған картоп көлемі 19 есе артса, Ресейге жеткізілген томат тұздығы пен қиярдың үлесі 3,5 есеге ұлғайған. Сондай-ақ, Ұлыбританияға алғашқы рет арпа экспортталып, ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Қытай елдеріне тасымалданатын дәнді-дақылдар көлемі 2 есе артып отыр.

Бақытжан Сағынтаев- ҚР премьер-министрі

"Біз ДСҰ мен ЕАЭО аясындағы сауданы талқыладық. Осы орайда органикалық өнім "жасыл себетте" қамтылып отырғанын жақсы білеміз және бұл бағытта ешқандай проблема болмайды. Сондықтан да органикалық өнімге көбірек екпін қою керек. Бұл жерде көлем аз болғанымен, баға мәнінде көбірек ұтатынымыз анық".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу