Ведомствоның есебінше, бұл көрсеткіш 486 388 теңгені құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл ретте аймақтар арасындағы табыс алшақтығы әлі де айтарлықтай жоғары болып отыр.
Ең жоғары жалақы қайда төленеді:
- Маңғыстау облысы – 673 656 теңге;
- Астана – 647 920 теңге;
- Атырау облысы – 631 555 теңге.
Орташа жалақының ең төменгі көрсеткіші мына өңірлерде тіркелген.
Олар:
- Жетісу облысы – 377 798 теңге;
- Жамбыл облысы – 375 456 теңге;
- Түркістан облысы – 370 964 теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 363 123 теңге.
Айта кетейік, орташа жалақы әр қызметкер дәл осындай сома алады дегенді білдірмейді. Көрсеткішке жалақысы өте жоғары қызметкерлердің табысы да әсер етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу