Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық үшін 90 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

269

Қорғау ұйғарымдарын бұзған 20,5 мың адам жазаланды.

Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық үшін 90 мыңнан астам адам жауапқа тартылды Фото: timnews.kz

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін 90 мыңнан астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға көп. Олардың 25 мыңы әкімшілік қамауға алынған.

Осы кезеңде ел бойынша 73 мыңнан астам қорғау ұйғарымы шығарылып, оның талаптарын бұзған 20,5 мың адам жауапқа тартылды. Сонымен қатар дағдарыс орталықтарына балаларымен бірге 4,5 мың әйел орналастырылды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қабылданған шаралар нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық құқықбұзушылықтар 10,4%-ға, ал кісі өлтіру деректері 11%-ға азайған.

Соған қарамастан, министрлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу