Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны артты

ШОБ бүгінде ел экономикасының шамамен 40 пайызын құрап отыр.

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны артты Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Оның сөзінше, Қазақстанда шағын және орта бизнес (ШОБ) соңғы 5 жылда тұрақты өсім көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, осы уақыт аралығында шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны шамамен 30 пайызға көбейген.

2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, еліміздегі салық төлеушілердің жалпы саны 2,806 миллионға жеткен. Бұл статистика жыл басымен салыстырғанда 367 мыңға көп болып тұр.

Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 543,5 мың адамға дейін өсім көрсетті.

Серік Жұманғариннің мәліметінше, биылғы 5 айдың қорытындысында салық түсімдері өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артқан. Оның арасында қосылған құн салығынан (ҚҚС) түскен түсімдер 45,1 пайызға өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу