Қазақстанда пилоттық режимде бірыңғай құрылыс порталы енгізіледі

283

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.  

Қазақстанда пилоттық режимде бірыңғай құрылыс порталы енгізіледі Фото: gov.kz

2026 жылдың басында Қазақстанда жоспарлау мен жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі құрылыс объектілерін сүйемелдейтін бірыңғай портал іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, жаңа платформа қолданыстағы жүйелерді біріктіреді және eGov бірыңғай авторизациясы арқылы әзірлеушілер үшін "бір терезе" қағидатын қамтамасыз етеді.

"Басты мақсат – рәсімдердің қайталануын болдырмау және мерзімдерді қысқарту. Алдағы уақытта жобаларды сараптауды автоматтандыру үшін жасанды интеллект элементтерін пайдалану жоспарлануда", – деп атап өтті вице-министр.

Порталдың іске қосылуы бизнестің мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, құрылыс саласындағы процестердің ашықтығын арттырады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу